ӘДІБАЕВ  ХАСЕН

ӘДІБАЕВ  ХАСЕН 1924жылы 26 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында дүниеге келген. Қазақ жазушысы, ғалым. 1970 жылы филология ғылымының докторы, 1973 жылы профессор болып тағайындалады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жоғары мектеп қызметкері. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1955 жылы ҚазМУ-ды бітірген. Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасын 1959 жылы бітіреді. 1959 жылдан бастап Абайатындағы Алматы мемлекеттік университетінде ұстаздық етеді. “Уақыт және суреткер” (1967), “Талант, талғам, тағдыр” (1971), “Көкжиек” (1978) атты сын-зерттеу кітаптары қазақ әдебиетінің келелі мәселелері әдеби шеберлік пен жанрлар типологиясына, көрнекті қаламгерлердің шығармашылықтарын саралауға арналған. Оның “Таңбалы адам” (жинақ, 1975), “Отырар ойраны” (роман, 1986), “Әупілдек” (1987) повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрген. Орыс мектептеріне, арнаулы және жоғары оқу орындарына арналған бірнеше қазақ әдебиеті оқулықтарын жазған. 2-дәрежелі “Отан соғысы”, “Қызыл жұлдыз” ордендерімен марапатталған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *