КЕМТІКТІК ӨТКІЗГІШТІК, р-типті өткізгіштік – негізгі заряд тасушылары кемтіктер болып табылатын жартылайөткізгіштердің өткізгіштігі. Сан жүзінде меншікті өткізгіштікпен (σр=eµpp, мұндағы е – заряд, µp – жылжымалылық, p – еркін электрондардың шоғырлары) анықталады. Акцепторлардың шоғырлары донорлардың шоғырларынан артық болатын кезде жартылайөткізгіштерде пайда болады.