Тарақтас – тау, биік. 629,1 м. Шет ауд., Қарағанды обл. Атаудың бірінші сыңарындағы «тарақ» – көптеген түркі тілдерінде таулы, тасты обьектілерге қатысты топонимдер құрамында қолданылатын географиялық термин. «Тарақтас» атауының берер мағынасы: «таудың биік қыраттарының тарақ тісі сияқты немесе өркеш-өркеш, тіс-тіс болып келуін сипаттай қойылған», – деген Қ.Рысбергенованың пікірі орынды деп санаймыз.