Татаркөл

Татаркөл – Қарғанды облысының Ұлытау ауданындағы көл Татаркөл деп аталады. Татар – Татарстанда және тағы басқа мемлекеттерде тұратын халықтың, ұлттың аты екені белгілі.
Ғалымдар татар этнонимінің шығу тегі жайлы әр түрлі топшылаулар жасайды. Бір жорамалда Татар аты Жошының немересі – Буваладан туған Татар ханның есімімен байланыстырылса, екіншісінде татар сөзі тат – (басқа, жат елден, жат рудан, «ерікті әскер» деген мағынада) және – тар деген көптік жалғауынан бірігіп (тар+тар-татар) жасалған атау деген пікір айтылады. Тағы бір жорамал бойынша бұл этноним тата-р («хитрый», «своенравный») деген сөзден қалыптасқан деп қаралады. Татар этнонимі Махмуд Қашқаридің сөздігінде де кездеседі. Алайда бұл этнонимнің мән-мағынасы, этимологиясы әлі толық ашыла қойған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *