Мадьяр бұлақ

Мадьяр бұлақ – Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Мадьярбұлақ деп аталатын бұлақ бар. Мадьяр – венгер халқының өзіндік атауы. Қазақстанда Орта Жүз Арғын ішінде мадьяр атты ру бар. Кейбір венгр ғалымдары венгерлер мен қазақ халқының арғы аталары Есіл-Еділ арасында іргелес отырып, аралас-құралас өмір кешекенін айтады. Зерттеушілер венгер тілінің түркі тілдерімен жақындығын, ұқсастық белгілерін анықтады, көптеген сөздері қазақ тіліндегі сөздермен сәйкес келеді. Мадьярбұлақ – осы қазақ ішіндегі ру атына немесе сол этнонимге байланысты кісі атына қойылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *