Қабыршақты – Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы көл Қабыршақты деп аталады. Ұзындығы – 4 км., ені – 2 км. Көлдің жағалауы жайдақ, ашық боп келеді. Жағалау түгел көл суының толқынымен шығарылған қабыршақтарға толы болады. Көл осы белгісіне байланысты Қабыршақты аталған.