Кеңгір

Кеңгір – өзен, село, Ұлытау ауд., Қарағанды обл. Оның Қаракеңгір, Сарыкеңгір атты тармақтары бар. Сарыкеңгір Қаракеңгірге құяды да, Қаракеңгір Сарысу өзеніне қосылады. Қаракеңгір өзенінің ұз. 283 км., алқабы 19088 м2. Сарыкеңгір өзенінің ұзындығы 135., алқабы 4052 м2. Кеңгір ескі, көне атаулар қатарына жатады, сондықтан да халық арасында оның мағынасы белгісіз. Бұл атаулар алтай, көне түркі дәуірлерінен белгілі этнонимнен жасалған.
Кеңгір өзенінің шығу тарихы мен лигвистикалық сыры ғалымдар назарынан тыс қалған емес. Бұл атау Жезқазған жерін мекендеген көне тайпалардың біріне тән болса керек. Ол атаудың ерте замандарда Кангар аталып, кейінгі кездерде біздің тіліміздің фонетикалық жүйесіне сай өзгеріп, жіңішке тұлғада Кеңгір болып қалыптасып кетуінде тіл заңына сай заңдылық жатса керек. Өйткені оның бірінші сыңары «канг» үндіеуропа тілдерінде кан//канг//ганга тұлғаларында сақталса, Алтай, Сібірдегі эвенкі, түркі тілдері мен корей тілдерінде кан//кен//кем//хем және ар//ер//ир морфемаларына лингвистикалық талдау жасағанда ғана олардың сырын аша аламыз. Осы кан//кен тұлғалы өзен аттары Енисей өзенінен бастап, Охотск теңізіне дейінгі тайга мен орманды-тундралы аймақта және Алтай, Сібірден Орта Азия, Қазақстанға дейін, одан әрмен Үндістанға тараған. Бұл кан/ганг/кен формантын кейбір ғалымдар жұрнақ деп, басқалары «ағын су, өзен» деген мағынадағы жеке, дербес сөз деп таныды. Бұл сөз шығыс түркі тілдерінде, яғни Алтай, Сібір өлкесіндегі тұрғындар тілдерінде «өзен, су» мағыналы сөз болса, иран тілдерінде кан «арық» «канал» деген мағынаны білдіреді. Ал атауды екінші компонентіндегі ір (ар, ер) үндіеуропа, түркі-монғол тілдеріне ортақ екендігі анықталып отыр. Мәселен, башқұрт жеріндегі Танып өзенінің оң жақ жағасындағы Ар (өзен), Буй өзенінің тарамы Эри, Усен өзенінің оң жақ тармағы Әриылға, Манси тіліндегі эри – «өзен», венгер тіліндегі ар – «өзен», «ағын», «тасқын» сөздеріне барып саяды.
Демек, «Кенгір» атауының мағынасы «өзен, өзен» дегенге саятындай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *