Жауқашарсай – Қарағанды облысының Ұлытау ауданында, Шағырлы – Жыланшық өзенінің солтүстігінде Жауқашарсай деген тартылып қалатын өзен бар. Бұл өзеннің аты жөнінде әр түрлі жорамал айтуға болады.
Орта жүз Арғынның бір тармағы – Атығайдан тарайтын он екі арыс елдің бірі – Жауғаш деп аталады. Басқа бір дерек бойынша Атығайдың төрт ұлының бірі – Жауқашар. Кіші жүз Байұлы құрамына кіретін Шеркеш тайпасы сегіз атаға бөлінеді. Соның бірі Жауқашты.
Жоғарыдағы өзен аты осы ру аттарымен байланысты болуы мүмкін.