ӘДЕБИЕТ ШЕЖІРЕСІ

ӘДЕБИЕТ ШЕЖІРЕСІ– әдебиеттанудың бір саласы, деректану ғылымының құрамдас бөлігі. Әдеби ортадағы, әдебиет тарихындағы үлкенді-кішілі оқиғаларды болған уақытымен нақтылы көрсетіп отырады. Әдебиет шежіресі барлық халықтардың әдебиетінде бар. Шежіренің сипаты мен мән-мәнері үнемі өзгеріп отырды. Әдебиетшежіресі 2 үлкен салаға жіктеледі. 1-әдеби өмірдің жалпы шежіресі. 2-жеке ақын, жазушылардың өмірі мен шығармашылығына арналған шежіре. Қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби өмір шежіресін жасау 20 ғасырлырдың 60 жылдарынан басталды. Ол қазақ әдебиетінің тарихына арналған ғылыми кітаптарға өз алдына жеке тарау ретінде енді.ЖазушыМ.О.Әуезовтің туған күнінен бастап қайтыс болғанға дейінгі аралықтағы (1897–1961) кезеңге байланысты Әдебиет шежірелері жеке-жеке кітап болып басылды (1997). 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *