
Ахмет ауыл – елді мекен. «Төре» тұқымынан тараған Ахмет бай атымен аталған. Қазір «Энтузиаст» ауылында оның ұрпағы тұрады. Ахмет бай өте бай адам болған. Оны 1934 жылы Петропавловск қаласына жер аударып жіберген. Ауылда 200 адам тұрған.
Мұнда кітапхана, ұстахана, лавкалар болған. Біртіндеп Ахмет ауыл үлкен село болып, 1954 жылы «Энтузиаст» ауылы деп қайта аталған.