
Саумалкөл – Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ селосының солтүстігінде Саумакөл деген көл орналасқан. Ұзындығы – 3,6 км., ені – 2,7 км. Көлдің жағалауы саумалдық, сүттіген, қымыздықтарға толы болады. Көлдің атауы онда өсетін өсімдігіне, саумалдыққа байланысты қойылған.