КВАНТ

КВАНТ (латынша «куантум – қанша») – кванттық жүйедегі тек тұтастай жұтылуы немесе шығарылуы (таратылуы) мүмкін болатын құбылыстардың (электрмагниттік, дыбыстық, т.б.) белгілі бір өлшем мөлшері. Мысалы, электрмагниттік сәуле кванты – фотон, дыбыс кванты – фонон. Өрістің кванттық теориясында кез келген өзараәсерлесукванттар алмасудың нәтижесі ретінде қарастырылады.

Әсер кванты – Планк тұрақтысы (h = 6,626·10–34 Дж·сек), әсер өлшемділіктідискретті шамалар үшін маңызы болатын физикалық құбылыстардың кең аясын анықтаушы іргелі физикалық тұрақты шама.

Жарық кванты – электрмагниттік өрістің кванты – қарапайым бөлшегі – фотон.

Өріс кванты – іргелі өзараәсерлесулерді таратушылардың бірі болып табылатын қарапайым бөлшек.

 

Энергия кванты – кванттық жүйенің күйін өзгертудің жеке актісінде осы жүйеде энергияның шығарылуының немесе жұтылуының мүмкін болатын шекті мөлшері.

КВАНТТАУ – жүйеде кванттық механика заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын физикалық шамалар мәндерін іріктеу. Бұған атомдағы электронның энергиясы мен қозғалыс мөлшері моментінің мүмкін болатын мәндерінің дискретті қатар түзуі мысал болады. Классикалық физиканың заңдары бойынша, физикалық жүйе қабылдайтын энергияның мөлшері

 

Кванттық жүйенің энергия деңгейлерінің бір бөлігі: 1 – негізгі деңгей (энергияның мүмкін болатын ең аз деңгейі), 2, 3, 4 – қоздырылған деңгейлер. Жебелермен энергия жұту (жоғары бағытталған) және энергия шығару (төмен бағытталған) кванттық

ауысулары көрсетілген

 

мейлінше аз шама бола алады. Сондықтан энергия қабылдау үздіксіз үрдіс болып есептеледі. Абсолют қара дененің жылулық сәуле шығару заңдылығын түсіндіру үшін 1900 жылы неміс физигі Макс Планк (1858–1947) жарық «кванттары» деген ұғым енгізді. Планк теориясы бойынша, атомдар мен молекулалар энергияны шамасы ࣟ = -ге тең үздікті үлестер түрінде шығарады немесе жұтады, мұндағы ν – жарық тербелісінің жиілігі, h – Планк тұрақтысы. Энергия квантының шамасы тым аз (~10–10 эрг) болғандықтан, макроскопиялық өлшеу кезінде энергияның үздіктілігі байқалмайды. Табиғатта басқа да физикалық шамалардың квантталатындығы анықталды. Асқынөткізгіш сақина арқылы өтетін магнит ағынының мәндері тек нақтылы дискретті қатар құрады. Микробөлшектің немесе микродүниенің кез келген өске қатысты қозғалыс мөлшері моменті бағытының дискреттілігі кеңістіктік кванттау деп аталған. Өрістің кванттық теориясындағы макроскопиялық дене қозғалыстарынан микробөлшектің қозғалыс теңдеулеріне ауысу тәсілдерін де кванттау деп атайды.

Екінші реттік кванттау – толқындық функцияның тәуелсіз айнымалысы ретінде жеке бөлшектердің дербес күйлерінің саны алынатын көптеген тепетең бөлшектерден құралған толқындық функцияның тәуелсіз айнымалысы ретінде жекелеген бөлшектердің өздеріне тән күйлері болатын бөлшектер саны пайдаланылатын кванттық жүйені сипаттау әдісі.

Кеңістіктік кванттау – кванттық жүйе импульсі моментінің ерікті түрде таңдап алынған өске қатысты мүмкін болатын бағдарлануларының дискреттілігі (үздікті болуы). Бұл атау қозғалыс мөлшерін (моментін) кванттаудың ескірген атауы.

Магниттік ағынды кванттау – тогы бар асқынөткізгіштен жасалған сақина арқылы өтетін магниттік ағынның мүмкін болатын мәндерінің дискреттілігі (үздікті болуы).

Өлшемдікті кванттау – қатты үлгілердегі бірқатар кинетикалық коэффициенттердің тербелістік тәуелділігі, электрондық толқындардың дебройлдік ұзындығымен қарайлас сипаттамалық өлшемдерінің бірі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *