ӘБІШЕВ ХАСЕН

ӘБІШЕВ ХАСЕН (15.1.1902, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы — 1981, Алматы) — ғалым, қазақ халқының жұлдыз және аспан әлемі жөніндегі ұғымдарын зерттеуші, Қазақстанның еңб. сің. мұғалімі (1962). Оның физика мен астрономия ғылымдарына арналған көптеген ғылыми, әдістемелік және көпшілікке арналған ғылыми-танымдық еңбектері жарияланған. Ә. — өзінің еңбектерінде қазақтың аспан шырақтары жөніндегі ертеден қалыптасқан ұғымдарына ғылыми талдау жасаған, қазақ тіліндегі астрономия мен физика терминдерін қалыптастыруға ат салысқан. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *