КАЛОРИЯ (латынша «калор – жылу») (кал, cal) – жылу мөлшерінің жүйеден тыс бірлігі. 1 кал = 4,1868 Дж; термохимияда қолданылған калория 4,1840 Дж-ға тең болған. Алғашқы кезде калория – 1 г суды 1°С-қа жылытуға қажетті жылу мөлшері ретінде қабылданған.