КАЛОРИМЕТР

КАЛОРИМЕТР (латынша «калор – жылу» + метр) – физикалық, химиялық немесе биологиялық үрдістер кезінде бөлінетін немесе жұтылатын жылу мөлше- рін өлшеуге арналған аспап. «Калориметр» ғылыми атауын 1780 жылы француз химигі Антуан Лавуазье (1743 – 1794) мен француз астрономы, әрі физигі Пьер Лаплас (1749 – 1827) ұсынған. Жылу үрдісі кезіндегі жылудың басталуынан соңына дейінгі қосынды жылу мөлшерін өлшеуге арналған калори- метр – калориметр-интегратор деп, ал жылу қуатын және оның үрдістің әр кезеңдегі өзгерістерін өлшеуге арналған калориметр – калориметр-осциллограф деп аталған. Жасалу құрылысына және өлшеу әдісіне орай калориметрлер с ұ й ы қ т ы қ және м а с с и вт і , с ы ң а р ыдысты және қ о с а рл а н ғ а н ыдысты түрлерге ажыратылған.

Сұйықтық калориметр-интегратор химиялық реакция кезінде бөлінетін жылу мөлшерін анықтайды. Оның құрамында сұйық құйылатын ыдыс, ішінде үрдіс өтетін камера («калориметрлік бомба»), араластырғыш, қыздырғыш және термометр болады. Массивті калориметр-интегратор заттың 250°С температураға дейінгі энтальпиясын анықтауға қолданылады. Оның құрамында ыдыс, термометр және қыздырғыштық металл болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *