КАЛИБИРЛЕУЛІК ӨРІС, компенсациялық өріс – калибирлеулік түрлендіруге қатысты қозғалыс теңдеулерінің инварианттылығын қамтамасыз ететін векторлық өріс. Электрдинамикадағы электрмагниттік өріс, сондай-ақ кванттық хромодинамикадағы глюондық өріс және әлсіз өзараәсерлесу теориясындағы аралық бозондардың векторлық өрісі әлгіндей өрістердің мысалы болады.