КАЛИБИРЛЕУЛІК ИНВАРИАНТТЫЛЫҚ

КАЛИБИРЛЕУЛІК ИНВАРИАНТТЫЛЫҚ – калибирлеуіш түрлендіру- лерге қатысты физикалық шарттардың өзгеруі кезіндегі физикалық шамалардың өзгермеушілігі, яғни калибирлеулік түрлендірулерге қатысты қозғалыстардың кванттық механикалық теңдеулерінің өзгермеушілігі (инварианттылығы). Мы- салы, электрдинамикада электрондық-позитрондық және фотондық өріс сәйкесінше кешендік Дирак өрістерімен сипатталады. Калибирлеу түрлен- дірулері өзараәсерлесетін электрондық-позитрондық және фотондық өрістерді сипаттаушы Максвелл-Дирак теңдеулерін өзгеріссіз қалдырады.

Калибирлеулік түрлендірулер кезінде зарядталған өрістердің (материя өрісі) фазалары еркінше, бірақ өзара үйлесіп өзгереді. Өріс фазасының мәні бөлшек- тердің сәйкес зарядымен байланысты болғандықтан, оны зарядты кеңістікте координат деп, ал колибирлеу түрлендірулерін осы кеңістіктегі бір базис- тен екінші базиске ауысу деп қарастыруға болады. Калибирлеулік инвариант- тылық кеңістіктік-уақыттың әртүрлі нүктелерінде зарядтың «бағыттарын» тәуелсіз таңдауға мүмкіндік бар дегенді аңғартады. Сондықтан зарядталған өрістер фазаларының жергілікті (локалды) өзгерісі қосымша көлденең электрмагниттік өрістің пайда болуына тепе-тең (эквивалентті). Осы тұста координаттық жүйенің жергілікті (локалды) өзгерісі қосымша гравитациялық өрістердің тууына тепе- тең (эквивалентті) болатын, Эйнштейннің тартылыс теориясының әлсіз принципімен тепе-тең (эквиваленттік) аналогиясы байқалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *