ӘБІШЕВ ЖАНТӨРЕ НҰРЛАНҰЛЫ

ӘБІШЕВ ЖАНТӨРЕ НҰРЛАНҰЛЫ (18. 3. 1936 жылы туған, Қарағанды облысы Тельман ауданы) — ғалым, техника ғылымның докторы (1983), профессор (1987), ҚазақстанҒылым Академиясының корресподент-мүшесі (1983), Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы (1994). Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі Қазақ Ұлттық техника университетінің) бітірген (1957). 1959 — 1983 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Химия-металлургия институтында кіші ғылымкер қызметкер, аспирант, инженер, ғылым хатшы, директордың ғылымкер жұмыстар жөніндегі орынбасары, директор болды. 1993 жылдан Қазақстан Республикасының Минералды шикізаттарды кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының бас директоры. Негізгі ғылыми еңбектері түсті және сирек металдар металлургиясын зерттеуге арналған. Әбішев құрамында пирит бар полиметалл шикізатын термомагниттік жолмен байыту, сульфид концентраттарын автоклавта кремнийден арылту технологиясын жасап, тотыққан минералдарды гидротермдік жолмен сульфидтеу әдістерін ұсынды. 50-дей авторлық куәлік, патенттер алған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *