КАВИТАЦИЯ (латынша «кавитас – қуыс») – тамшылы сұйықтарда газбен, бумен немесе олардың қоспасымен толтырылған қуыстардың (кавитациялық көпіршіктер мен тесіктер деп аталатын) түзілуі. Кавитациялық көпіршіктер, сұйықтағы қысым белгілі бір кризистік шамадан (ркр) төмен болатын кезде пайда болады (нақты сұйықта ркр мәні, берілген температурадағы осы сұйықтың қаныққан буының қысымына тең). Егер қысымның төмендеуі, тамшылы сұйық ағынындағы жергілікті жылдамдықтың артуынан пайда болса, онда ол гидродинамикалық кавитация, ал акустикалық толқындардың өтуі салдарынан пайда болған жағдайда акустикалық кавитация деп аталады.