ИОНДАУЫШ КАМЕРА – заряд-
ты бөлшектердің газды иондауға негізделген бөлшектер детекторы. Иондауыш камера газ толтырылған, электродтарына потенциалдар айырымы (U) түсірілген электр конденсаторы болып табылады. Тіркелуші бөлшектер электродтар аралығынан өткен кезде электрондар мен иондар пайда болып, электр өрісінде қозғалып электродтарға шоғырлана бастайды. Осыдан камераның тізбегінде электр тогы пайда болады. Параллел жазық электроты, цилиндр тәрізді ко-
аксиал электроты және сфера тәрізді электродты 1-сызба. Цилиндрлік иондауыш ка- мераның қимасы: 1 – камераның иондауыш камера қолданылады (1-сызба). теріс электроды болатын ци-
Токтық иондауыш камерада электрондар линдрлік корпус; 2 –камераның оң мен иондар тудыратын ток (І) өлшенеді. Ток полюсі болатынцилиндр шыбық;
3 – оқшаулағыш
2-сызба. Токтық иондауыш камераны тіз- бекке қосу сұлбасы: V – камера электродта- рындағы кернеу; G – иондалған токты өл- шейтін гальваниметр
күшінің (І) потенциалдар айырымына (U) тәуелділігінің (вольт – амперлік сипаттамасы) жұмыс учаскесі (қанығу тогы) электродтарда пайда болған бүкіл электрондар мен иондардың түгелдей жиналуына сәйкес келеді. Токтық иондауыш камера 1 секунд уақыт аралығында пайда болған иондардың барлық мөлшері туралы мәлімет береді. Ток күші әдетте аз болады (10-10 – 10-15 А) және оны тіркеу үшін күшейтіледі (2-сызба).
Импульстік иондауыш камерада
кернеу импульстері тіркеледі әрі өлшенеді, бұл кернеу импульсі кедергіден (R) иондауыш ток өткен кезде пайда болады. Импульстің амплитудасы мен ұзақтығы RС контурына тәуелді (3-сызба).
Иондауыш камера 1908 жылы ағылшын физигі Эрнест Резерфорд (1871 – 1937) өзінің тәжірибелерінде пайдаланылған ең көне детектордың бірі. Құрылысы қарапайым болуы себепті осы кезге дейін, әсіресе, дозиметрлерде пайдаланылуда. Үдеткіштердің және
3-сызба. Импульстік иондауыш камераны
ядролық реакторлардың жұмыстарын тізбекке қосу сұлбасы: С – жинақтағыш бақылау үшін, ғарыштық сәулелерді электрод сыйымдылығы; R – жоғарыомдық кедергі
зерттеу кезінде пайдаланылуда. Жоғары энергиялы бөлшектер физикасында сұйық аргонмен толтырылған иондауыш ка- мералар қолдау тапқан. Осы жайттар бұл камераның тежеуіштік қасиетін арт- тырумен бірге оның электрлік сигналдарын 103 есе арттырған.