ИНТРОСКОП (латынша «интро – ішінде» + грекше «…скопео – қараймын») – мөлдір емес денелер және құрылғылар ішінде өтіп жатқан үрдістерді рентген аппараты немесе ультрадыбыстық аспаптар арқылы сәулелендіру тәсілімен байқауға арналған аспап. «Интроскоп» – дыбысвизия, жылувизия, радиовизия аспаптарының жалпылама атауы болып есептеледі.