Қу – тау, биік. 780,8 м. Жаңаарқа ауд. Қарағанды обл. Е.Қойшыбаев «қу» түркі этнонимі десе, Э.Мурзаев «қу» сзі мари, манси тілдерінде «тас», «тасты» ұғымын білдіреді дейді (Мурзаев, 1984, 307).
Шалқия поселкесінің солтүстігінде екі шоқы Мұңлы, Қулы аталады. Ел аузында Мұңлы деген қызды, Қулы деген жігіттің бір-біріне ғашық болып, қосыла алмағаны жөнінде аңыз бар.
Таудың Қу аталу себебі «бұталы өсімдігі мен шалғын шөбі жұтаң, сұйық өсетін және ерте қурап кететін қуаң қыр, тау» болумен байланысты сияқты.