Кенжебай

Кенжебай (Кенжебайсай) – өзен. Жаңаарқа ауд. Қарағанды обл. Оның ұзындығы 76 шақырым. Басын Шұбароба аталатын таудың оңтүстігінденгі бұлақтар алып, Бескөл қыстауына үш шақырымдай жетпей тартылып қалады. Кенжебай ру атымен аталған ба, жоқ кісі есіміне байланысты аталған ба, оны дәл басып айту қиын.
Қазақ шежіресі бойынша Кіші Жүз Жетіру бірлестігіндегі Тама руының бір атасы – Есенгелдіден Атамшал, Қызылқұрт, Кенжебай, Дәулеткелді ұрпақтары тарайды. Олар Жамбыл облысының Сарысу бойын мекендеген. Аты аталған өзенге жоғарыдағы ру атының берілуі әбден мүмкін

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *