Жәйрем – жұмысшы кенті (поселкесі) Жаңаарқа ауд. Қарағанды обл-да. А.Сейдімбековтың айтуынша, бұл жерде раң шөп қалың, бітік өседі екен де, қой жайылымына бірден-бір қолайлы болған екен. Содан қойды «раңға жай», «жай раңға» деген сөздер әдетке айналыпты. Сол «жай раңға» «жайраңға» боп айтыла келе, жергілікті жерде «Жайраң» деген жер атына айналып кетіпті. «Жайраң» атауын орыс тілінде «Жайрам», кейіннен «Жайрем» деп бұрмалап, содан қазақша да «Жәйрем» деп жазылуы қалыптасып кете барады. Бұны халықтық этимология деп әсте айтуға болмайтын сияқты. Атаудың қолдану аясы мен қызметіне қарай қалыптасқаны анық көрінеді.