Білеуті – өзен, тау, биік. 196,8 м. Жаңаарқа ауд., Қарағанды обл. Атаудың бірінші сыңарындағы «біле» сөзі Таулы Алтай тілінде кездесіп, Беле//Беля//Бэлэ//Пеля тұлғалы топонимдерді жасауға негіз болған. О.Т.Молчанованың айтуынша: беле – «шетен». Бұған қарағанда, «Білеуті» атауының құрамындағы «білеу» сыңары сол сөздің қазақша өзгеріп айтылған түрі болса, -ті қосымшасы жалғану арқылы «шетенді, шетені қалың, көп өскен» (тау) деген мағыналы атау екендігін аңғартады.