Алтуайт – тау, биік. 560,1 м. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында. Е.Қойшыбаев бұл атауды көне түркі тіліндегі ал-ту-ай [т] элементтерінен құралған “алтай айлары” этнотопонимі мәнінде екенін жазады (1985, 46). Ал жергілікті халық аңызы бойынша, Ақтоғай ауданы жеріндегі биік құз, терең аңғарлы осы таудың озық бір сайында Алтыуайт деген батырды жаулар өлтіріп, тау сол батырдың атымен аталған көрінеді (Эксп. мат. 1982 ж. ақпар беруші Ахметов Қабыл, 81 жаста).
Біздің бақауымызша, халық аңызы материалы шындыққа жанасымды әрі анық, нақты сияқты.