Ақшағат – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданындағы село. Атаудың бірінші сыңарындағы «ақ» сөзі тура мағынасында «аппақ, шаңқай, таза» деген мағынаны білдірсе, «шағат» сыңары «шақат» сөзінің дыбыстық тұрғыдан сәл өзгеріске түскен нұсқасы – «ащы соры шығып жататын, өсімдік нашар өсетін жер». Демек, «Ақшағат» – «аппақ боп шаңқиып, соры шығып жататын жер» деген мағынадағы атау. Ақши – айрық. «Ақотты, шилі» жер мәніндегі атау.