Есен – өзен. Бұқар жырау және Жаңаарқа ауданының жерін басып ағады да Нұра өзеніне құяды. Басын Арқалық тауынан алады, ұзындығы 85 км. Есен, шежіре деректеріне қарағанда Орта Жүз Арғын тайпасының Қанжығалы руынан тарайды. Аты аталған өзенге жоғарыдағы ру атының берілуі әбден мүмкін.