Доскей – елді мекен. Зеленая Балка селосына тақау. Халық ақыны Доскей Әлімбаев (1850-1946) құрметіне аталған. Ол 16 жасынан өзінің ақындығын таныта бастаған. Революцияға дейін Доскей патша өкіметі мен бай, билердің айуандық қылықтарын өзінің өткір жырларымен өлтіре шенеді.
Кеңес заманы орнағаннан кейін Доскей көмірлі Қарағандыда өмір сүрген. Сондықтан шығармаларының негізгі тақырыбы Қарағанды кеншілерінің өмірі мен еңбегі болды. «Қарағанды», «Екі сайлау», «Жүрегім» деген өлеңдері ақынның таңдаулы шығармалары болып есептеледі. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлеңдері түгелдей дерлік Отан қорғауға арналды. Облыстық ақындарының айтысын ұйымдастырушылардың бірі. Ақынға Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы, «Құрмет Белгісі» ордені берілді. Д.Әлімбаев жерленген жеріне ескерткіш қойылған.