Жәмші – Қарағанды облысының Ақтоғай, Шет аудандары жерінен Жәмші деп аталатын ұзындығы 117 км. өзен ағады. Ол Қызылтас тауының оңтүстік беткейінен басталып, Қарабұлақ мекені тұсында тартылып қалады. Бұл өзенді Жаман, Қарасай деп те атайды. Жәмші – Үш Оқтан тараған қазақтардың бір тайпасының аты. Оның есімі жоғарыда аталған өзенге және сол жердегі ауылға қойылған.