Топар – өзен, көне атау. Қарағанды облысының Абай ауданындағы жұмысшы кент атауы. Бұл өзен аты оның ағысы мен табиғатына байланысты қойылған. Шығу төркіні жағынан түркі үндіеуропа тілдеріне тарататындай. Өйткені тіліміздегі тапыр-тапыр (қатты, асығыс жүріспен байланысты еліктеу мәніндегі сөз), сондай-ақ апыл-тапыл, апыр-топыр тәрізді қос сөздердің «тапыр», «топыр» сөздері және топан су («ағыны қатты сел, су») топ сөздерінің синкретикалық түбірі – то//тап//топ. Ал атаудың екінші құрамындағы ар тұлғасын о бастағы жеке мағыналы сөз деп танудың орны бар. Демек, «Топар» «жылдам, тез, ағыны қатты өзен» деген мәнге лайық.