Сарыарқа

Сарыарқа – Қазақтың ұсақ шоқылығы атты өлке. Батыстан шығысына қарай қашықтығы 1200 км., ені 250 км. Батысы кең жазира құба жон, ұланғайыр жазық келіп, биіктеу жерінде бой көтерген Ұлытау (биіктігі 1133 м.) мен Көкшетау жоталары (биік. 947 м.), орта шенінде Қарқаралы тауы (1403 м-ге дейін), асқақ таулары Қызылтас (Ақсораң 1565 м.) және Шыңғыстау жотасы (1469 м.) көзге ерекше түседі.
Сарыарқа (Жезқазған өңірі) Сарыарқаға Қарағанды, Астана, облыстарының жері толықтай, Көкшетау, Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігіне орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Арқа, Сарыарқа атауының мән-мағынасы жайлы А.Әбдірахманов, Е.Қойшыбаев, Н.Баяндин, А.Сейдімбеков пікірлері ғылыми тұрғыдан дұрыс қолдау тапты. Сарыарқа сөзімен құрамдасып келген атаулар, сөз тіркестері тілімізде тек түсті ғана білдірмейді, «кең», «мол», «үлкен» деген мағыналарда қолданылады.
Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *