Қарасор – Қарағанды облысындағы ащы-тұзды көл. Алабы 135 км2., тереңдігі 5 м-ге дейін. Қарасорға бірнеше өзен құяды. Ондағы рапа мен балшықтың емдік қасиеті аса күшті.
Бұл көлдің аты тіліміздегі байырғы, төл сөзден жасалғандықтан, жалпы халыққа кеңінен түсінікті.
«Қара» сөзі топонимдік атаулар жасауда жиі қолданылып, кейде өзінің тура мағынасында заттың түр-түсін білдірсе, кейде «үлкен, зор» деген мағынаны білдіреді. Ал атаудың екінші сыңарындағы сор сөзі – «жазда құрғап, ащы сорға айналатын кішкене тұзды көл; батпақты сор».
Демек, Қарасор атауы «көлемі едәуір үлкен, суы аз, тұзды көл; батпақты, балшықты сор» дегенді білдіреді.