ӘБІЛМӘМБЕТ ХАН

ӘБІЛМӘМБЕТ ХАН (шамамен 1690 жылдың соңы — 1771, Түркістан) — хан. Болат ханның үлкен ұлы, Тәуке ханның немересі. Сәмеке өлгеннен кейін Орта жүзге хан сайланған. Шыңғыс тұқымының аға тармағы — Жәдік әулетінен тарайды. Абылайдың билікке жетуіне себепші болған.

1740 және 1742 ж. Ор бекінісіне, Орынбор қаласына Орта жүздің белді старшын, сұлтандарын бастап келіп, Анна Иоановнаға ант берген. Жоңғар шапқыншылығы елге қауіп төндіріп тұрған жылдарда елдің басын қоса алмады. Алайда Абылай, Барақ сұлтандардың қазақ руларын қалмақтарға қарсы ұйымдастыруына кедергі жасамады.

Әбілмәмбет хандық құрған тұста 18 ғасырдың 30-жылдарының соңы 40-жылдарының басында, Әбілқайыр ұлы Ералы сұлтан Орта жүздің басты рулық бірлестіктерінің бірі — керейлерге билік жүргізді. 1744 ж. Әбілмәмбет өзінің жақтастарымен Түркістан қаласына көшіп кетті. Орта жүз Абылай мен Барақ сұлтандардың билігінде қалды. Әбілмәмбеттің үлкен ұлы ӘбілпейізАбылайды барынша қолдап, әкесінің соңынан ермеді.

1771 ж. әкесі қайтыс болғаннан кейін дәстүрлі құқынан өзі бас тартып, Абылайдың хан сайлануын қолдады.

Әбілмәмбет халық тарихында, хандық билігін сарқа пайдалана алмаған қайраткер ретінде белгілі. Халық шежіресінде де Әбілмәмбет ел үдесінен шыға алмаған “ақсүйек” ретінде сипатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *