Зарқын Тайшыбай, М.Қозыбаев
атындаты СҚУ профессоры.
Ұмыт қалған атаулар
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағ¬дар: рухани жаңғыру» мақаласының жа¬рық көргеніне үш жылдан асты. «Туған жердің әрбір сайы мен қырқа¬сы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауы¬ның төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әң¬гі¬мелер бар. Әр¬бір өлкенің халқына суықта пана, ыс¬тық¬та сая болған, есімдері ел есінде сақталған бір¬туар пер¬зенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», – делінген мақалада. Бүгін жас оқыр¬ман¬да¬ры¬мыздың туған жер туралы түсінігін одан сайын ке¬ңейте түсу мақсатында «Ólketaný dáristeri» атты жаңа айдар ашып отырмыз. Алдағы уақытта оның шеңбе¬рін¬де танымдық мақа-лалар беріп тұрмақшымыз. Бөлімді 5-7-сынып оқушылары үшін жазылып, облыс мектептерінің оқу бағдарламасына енгізілген «Өлкетану» оқулығы авторларының бірі, Қазақстан жоғары мектебі ұлттық ғылым академиясының академигі Зарқын Тайшыбай жүргізеді.
“Ólketaný dáristeri» айдарының алғашқы мақаласын негізгі түсі¬ніктерге анықтама беруден бас¬тағанды жөн көріп отырмыз. Топо¬ним деген не? Гректің «topos» – жер, мекен жəне «onyma» – «ат, атау» деген сөзінен шыққан геог¬ра¬фиялық атауларды, оның мəн-мағынасын зерттейтін ғылымның бір бөлігі. Топонимия – белгілі бір елді мекеннің (аудан, облыс, ел¬дің, т.б.) географиялық атаулары¬ның кешені деген сөз. Топоними¬каны зерттеу ғылымы тіл, тарих және география деген үштаған¬нан тірек табады, солармен нәр¬ленеді, солар арқылы айқында¬лады. Осыдан былайғы сөз сап¬тауымыздан байқалатындай, топонимиканың көптеген мәсе¬ле¬лері таза тіл білімі тұрғысында ше¬шіле бермейді, онымен айналыс¬саңыз тарихты да, географияны да, олардың құрамдас бөліктеріне дейін жақсы меңгере бересіздер.
Ендігі әңгімені антропонимдер¬ге қарай бұрсақ. Яғни, жерсу атау-ларының адам есімдерімен байланысты қойылғандарына на¬зар аударсақ. Мысалы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Сәбит ауылы, Тимирязев селосы дегендер – антропонимдер. Әдетте, топоним түрінде пайдалану үшін ол адам елге танымал, еңбегі сіңген, ғы¬лы-мымен, өнерімен ерекше есте қал¬ған айрықша тұлға болуға тиіс. Оны күнде көріп жүрміз Шал ақын¬ның, Шоқан Уәлихановтың, Ғабит Мүсіреповтың кім екенін біз түгіл, шетелдерде де біледі.
Біз осы мәселені зерттеу үстін¬де бұдан 150-200 жыл бұрын осы өзіміздің облыстың аумағындағы жер атауларына негіз болған адам аттарына назар аудардық. Со¬лардың бірқатарын атап көр¬сет¬сек, сіздердің өз аталары¬ңызды тауып алуларыңыз әбден мүмкін..
Айбардың ағашы, Ақназардың ағашы, Ақжан қонған ағаш, Албан шоқысы, Алпысбай қыстауы, Алтайдың өзегі, Атабайдың қаратерегі;
Әже өлген сай, Әзібай бұлағы, Әлмен ағашы;
Балтабек шоқысы, Балуан ағаш, Бейсеу тоғайы, Бекбай шілігі, Бекболат ағашы, Бекмырза ағашы, Бектеміс ағашы, Бердібай ағашы, Боқайдың өткелі, Боран-байдың шоқысы, Бошан қарағайы, Бөке талы, Бумаш шоқысы;
Дәметей ағашы, Дәулет қонған, Дінәлі қыстаған, Дүйін бұлағы;
Егіз қыстаған, Елтінді жалы, Ералының көлі, Есенгелді жыгылған, Есенәлі қонған, Есілбай түскен;
Жайсаң қыстаған, Жаман қонған, Жансүгір ағашы, Жаңабай томары, Жаңаберген ағаш, Жарқын қонған, Жәңке туған, Жүзік өлген, Жұба қонған, Жолтай қопасы, Жұмықгың қарағайы;
Иса қыстаған, Иманның көлі, Итеке бейіті. Итсарының қарасуы;
Кебекең үй тескен, Кенжеболат қонған, Көшек қой сойған;
Қабанбай ағашы, Қадырбай ағашы, Қалашы қонған, Қаңлы конған, Қойлыбай, Қарабастың көңі, Қожа ағашы, Қойбатардың ашасы, Қойлыбай қонған, Қойшыбайдың ескі қыстауы, Қонтай қыстатан, Қотан қонған, Құйтанның кепесі, Құлтайдың шатқалы, Қүлтуманың шілігі, Құтмәмбет қонған;
Майлыбай түскен, Қылды қонған, Мақпал кыстаған, Малтақ ілген, Маман калған, Мезгілдің аға¬шы, Мезгілдің шокысы, Мекшенің шоқысы, Мендеке шоқысы, Мәжиттің кызылы, Мәжір қонған, Мәт шоқысы, Мәті шатқалы, Монтай шілігі, Мырза ағашы;
Назардың аташы, Назар конған, Найман туған;
Опанның аташы, Оспанның кыстауы, Отарбай шокысы;
Салпықтың кызылы, Салпықтың тауы, Сапыкпай шокысы, Самайдың кызылы, Саржан шапқан, Саржаудың шоқысы, Сарканның орағашы, Сарман шапкан, Сартай қонған, Сарыбайдың жұрты, Сары конған, Саурық кескен, Сауытбек туған, Сейітқұл қонған ағашы, Сейтеннің қызыл ағашы, Сеңкібай талы, Сералы көңі, Сәлиха ауырған, Сәмеке түскен, Сүлейменнің ағашы, Сүлтанның томары;
Тасболаттың шоқысы, Тасекең қыстаған, Тасыбайдың карағашы, Темірконған, Тәтібайдың терегі, Тілеудің карағайы, Тойтан қашқан, Тойкожаның кызылы, Тоқсан өлген, Торыбие өлген, Тосын қонған, Төлепберген туған, Төренің кызыл ағашы, Тәті конған, Түматтың шоқысы, Тұрлыбай талы, Түяк қонған, Тілептің қараталы;
Хан түскен;
Шағыр коғтан (екеу), Шақшак конған, Шалабай ағашы, Шалбан түбегі, Шама көмген, Шарман қонған, Шартай көңі, Шашдәу-леттің қаратайы, Шеріннің ағашы, Шешем түскен, Шәкеннің бейіті, Шота конған ағаш, Шоқа кескен;
Ысты шапкан.
Ешбір ресми кұжатта, баспасөз бетінде, естелікте, тіпті, көркем әдебиет пен таңбалы ескерткіштен табыла бермейтін ғажайып тарих осында жатыр-ау! Осында-ғы Ағгам, Айбар, Ақназар, Албан, Алпысбай, Алтай, Атабай, Бал¬табек, Бекбай, Бекболат, Бейсеу, Боранбай, Бекей дегендер кімдер? Олар – біздің ата-баба-ларымыз. Сол бабаларымыздың ұрпақтары күні кешеге дейін, мүмкін, қазірде осы жерлерге, тоғайлар мен шіліктерге, кыстаулар мен шокыларга, қаратайлар мен теректерге ие болып отыр. Әттең, казіргі ұрпақ осы есімдерді талдап, атынатап, таратып бере алмаса, сол аттары туған, өскен жерлерінде қалган бабаларымыз жазыкты емес. Мына, біз кінәліміз. Кезінде мәнбермей, ең болмаса, ел аузында там-түм сақталған шежірелерді жинап алып, ұрпақтарымыздың құлағына кұяберсек, кағазға түсіре берсек, кім қой депті.
Жаңағы атауда айтылғандай, Ақжан неге қонды, оның конған қонбағанында кандай окиға бар немесе Дәулет қонған, Дінәлі қыстаған, Жұба конған деген сөз тіркестері еріккеннен қоя салған атаулар емес. Яғни, сол жылы немесе сол айда, әйтпесе, аты аталған атамыз сол жерге көлігін тоқтатып, жүгін түсіріп, керегесін көріп, шаңырағын көтерген. Сол жерден жер ошақ казған, тілеу тілеп, дастаркан жайып, отбасы ошакмаңына жиналып, қолжа¬йып бата беріскен, бет сипаған. Аз ба, көппе, солжерді, бәлкім, көлдің жатасын, ағаштың ортасындағы алаңқайды, шокының етегін мекенетіп, ғұмыр кешті, ұрпақ таратты, конысында белгі калды, содан бері есімі туған жерінің бетінде өшпес бедер болып жазы¬лып қалды. Енді, міне, тарихи, географиялық, тілдік нысан ретінде ономастика тұрғысынан, топоним, антротопоним тұргысынан зерттеліп, қағаз бетінде қалады. Өшпейді.
Осы тізімді мұқият оқып, өздеріңіз танытан немесе қазірге дейін сақталған жер-су атаулары тура¬лы білгендеріңізді, сол атауға бай¬ланысты көрген, естіген әңгімелеріңізді жазып жіберіңіздер.
// Солтүстік Қазақстан. – 2020.- 10 қараша