ИНЕРТТІЛІК

ИНЕРТТІЛІК, инерция (латынша – әрекетсіздік), м е х а н и к а д а – мате- риалдық денеге сырттан ешқандай ықпал жасалмаса немесе өзара теңгерілетін болса, онда осы дененің санақтың инерциялық жүйесіне қатысты өзінің қозғалыс немесе тыныштық күйін өзгеріссіз сақтайтын қасиеті. Егер де денеге теңгерілмеген күш жүйесі әсер ететін болса, онда инерттілік қасиет денелердің тыныштық немесе қозғалыс күйлерінің өзгеруіне, яғни оның нүктелерінің жылдамдықтарының сол сәтте емес, бірте-бірте өзгеруіне септігін тигізеді; сонымен, дененің инерттілігі қаншалықты үлкен болса, қозғалыс соншалықты баяу өзгеретін болады.

Инерттіліктің өлшеуіші оның массасы болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *