ИНДУКЦИЯ

ИНДУКЦИЯ (латынша – енгізу, әсер ету, әсерін тигізу, қоздыру) – өткізгіш тұйық контурдың (электр тізбегінің) магнит өрісіндегі қозғалысы кезінде немесе осы контурдың төңірегіндегі (айналасындағы) магнит өрісінің өзгеруі кезінде электрқозғауыш күштің (ЭҚК-тің) пайда болуы.

Қалдық магниттік индукция – ферромагнетиктегі сыртқы магнит өрісі жойылғаннан кейінгі магниттік индукция.

 Өздік электрмагниттік индукция – контурлардың біреуіндегі электр тогының күші өзгерген кезде екінші контурда электрқозғаушы күшінің пайда болуы.

 Магниттік индукция – магниттік өрістің негізгі сипаттамасы болатын вектор; оның шамасы және бағыты магниттік өріске орналасқан электр тогы өтіп тұрған өткізгішке осы магнит өрісінің ықпалы бойынша анықталады.

 Униполярлық индукция, бір полюсті индукция – қозғалатын магниттелген электр өткізгіш денеде, оның қозғалыс бағыты мен магниттелу бағытының үйлеспеуі кезінде электрқозғаушы күштің пайда болуы.

 Электрмагниттік индукция – электр өткізгіш контурда оны тесіп өтетін магниттік ағынның өзгерісі кезінде әлгі контурда электрқозғаушы күштің пайда болуы.

 Электрстатикалық индукция – тұрақты электр өрісіне орналастырылған өткізгішке немесе диэлектрикке электр зарядтарын беру (жұқтыру, дарыту).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *