ЭТОЛОГИЯЛЫҚ НОРМА

ЭТОЛОГИЯЛЫҚ НОРМА

Норманың бұл түріне сөз қолданысының, қарым-қатынастың постулаттары мен максималары жатады. Осылардың белгілі бір праг матикалық мақсатқа байланысты бұзылуы параэтологиялық тә сіл деп аталады. Қазақтың қоғамындағы, мәдени дәстүрінде этика лық нормамен байланысты түсінік бойынша “қымыз – көптің асы”: бие байлап отырған үй келген бөгде адамға, әлеуметтік мәртебесінің жоғары/төмендігіне қарамастан, қымыз ұсынуға тиіс. Бұл – этологиялық норма. Ал осы дәстүрлі мәдениеттегі этологиялық нормадан ауытқуды жазушы Ғ.Мүсірепов оқырман зейінін тоқтату мақсатында қолданады. Бұл жерде үй иесінің келген жандарға қымыз ұсынбауы назар аударатындай тосын көрінеді. Жазушы мұндай параэтологиялық тәсілді белгілі бір әсер тудыру үшін қолданғандығын байқаймыз. “Сол күні мырза бала үйіне таң ата келіпті ғой. Ертеңіне Қайныш келіннің де өңі кірмей жүріпті. Келген кісіге қымыз да бермепті … […]. Біздің Кенжем де “осыларда бірдеме бар” деп жүретін, айтам ғой. Бірдеме болғаны. Бұлар тегін емес …” (Ғ.Мүсірепов. Көк үйдегі көршілер. 43-б.). Сөзді осылайша тілдік, тілдік емес норманың түрлерінен ауытқудың ыңғайына қарай құру автордың прагматикалық мақсатына бағынады. Сонымен, прагматикалық мақсатқа қарай, яғни адресатқа ықпал ету үшін, оның зердесіндегі автоматизмді бейтараптандырып айтылған/жазылған сөзге зейінін тоқтату үшін тілдік нормадан, мәтін нормасынан этологиялық нормадан, ортологиялық нормадан ауытқудың ыңғайына қарай сөз саптау тілді әсерлі, бедерлі етудің тәсілі болып табылады.

                          Н.Уәли. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері.

                                – Алматы, 2007.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *