ӘБІЛЕВ ДИХАН (26 желтоқсан 1907, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мойылдыбұлақ қыстауы) – ақын, жазушы. Қазақстанның халық жазушысы (1987). 1925-27 ж. Семейдің а. ш .техникумында оқыған.Алматыдағы Коммунистік Журналистер институтын (1937) оқыған. Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасын (1948) тәмамдаған. 1927-1934 жылдары халық ағарту, басасөз қызметтерінде болған.Баянауыл аудандық «Ленин туы» газеті редактордың орынбасары,республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары, 1938-1939 жылдары Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, 1961-1962 жылдары Көркем әдебиет баспасының Бас редакторы.1942 жылдан 1946 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.Тұңғыш өлеңі — «Қызыл әскерге» 1925 жылы Семейдегі «Қазақ тілі» газетінде жарияланған.»Шалқыма» (поэма), «Бармақ» (поэма, 1937), «Қуат» (поэма, 1940), «Мұңсыз Мәрия» (поэма, 1940), «Москва түбінде» (1942), «Майданбек» (Өлең-роман, 1943), «Бибінұр» (1949), «Жұлдызды жігіт», «Дала солдаты» (1945), «Тұлға» (1948) өлеңдер жинақтары. Соғыстан кейінгі бейбіт заманда ақын Риддер кеншілерінің өмірінен «Алтай жүрегі» атты өлең роман (1955) жазған.С. Торайғыров өмірінен жазған «Ақын арманы» (1964), «Арман жолында» (1968), «Баянауыл баурайында» (1975) атты прозалық роман-тирлогиясы қалың жұртшылыққа кеңінен мәлім. Кезінде осы аталған сүбелі туындылардың бәрі дерлік орыс тіліне аударылған. «Қарулас достар» (1948), «Майра» (1954), «Біржан сал мен ақын Сара» туындыларын жазған. Сондай-ақ қазақ тіліне орыс, украин, түрік, армян классиктерінің поэмаларын аударған.Қызыл Жұлдыз ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені, «Құрмет Белгісі» ордені көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.