СӨЙЛЕУ НОРМАСЫ

СӨЙЛЕУ НОРМАСЫ

Сөйлеу нормасы – тілдің қандай ортада қолданылатынына және сөйлеушінің ой-ниеті мен әлеуметтік ахуалына қарай анықталатын сөйлеу үлгісі. Әдеби тілдің негізгі белгісі – оның ауызша да, жазбаша да түрлеріне тән нормалығы. Норма – тіл элементтерінің (сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің) біркелкі, үлгілі, жалпыға бірдей қолданылуы, сөздік құралдардың пайдаланылу ерекшеліктері. Әдеби тіл нормаларының төмендегідей ерекшеліктері бар: салыстырмалы тұрақтылығы, таралымы, жалпылама қолданылуы, жалпыға бірдей міндеттілігі. Тіл нормалары ғалымдар ойдан шығарған мәселе емес. Олар тілде өтіп жатқан заңды процестер мен құбылыстарды бейнелейді және сөйлеу тәжірибесінде қолдау табады. Тілдік нормалардың негізгі көздері – классик және қазіргі заманғы жазушылардың шығармалары, бұқаралық ақпарат құралдары, тілші — ғалымдардың ғылыми  зерттеулері. Тілдік нормалар – тарихи құбылыс. Олар қоғамда болып жатқан құбылыстардың әсерінен өзгеріске ұшырап отырады. Норма нұсқалары қазіргі заманғы түрлі бағыттағы әдеби тіл сөздіктерінде көрініс табады. Нормалаудың үш дәрежесі бар: І дәрежедегі норма – қатал, нұсқаларды мойындамайды; ІІ дәрежедегі норма – бейтарап, тең мағыналы нұсқаларды қолдануға болады. ІІІ дәрежелі норма – жылжымалы, қарапайым және ескірген нұсқаларды да пайдалануға рұқсат етеді. Қоғамның дамуы, өмірдің әлеуметтік қалпының өзгеруі, жаңа дәстүрлердің пайда болуы, адамдар арасындағы байланыстардың дамып-жетілуі, әдебиет пен көркем өнердің өсуі сөйлеу нормаларының жаңаруына алып келеді.

Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *