НҰРТАЙ АБЫҚАЙҰЛЫ ӘБІҚАЕВ (15.5.1947 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы) – мемлекеттік қайраткері, инженер-механик, генерал-майор (1998).С.М. Киров атындағы Орал политехникалық институтын (1970) инженер-механик мамандығы бойынша; Алматы жоғары партия мектебін (1985), РФ Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.Экономика ғылымдарының докторы. Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.КОКП мүшесі (1991 жылға дейін).1970 жылдан — Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1972 жылдан — Алматы ауыр машина жасау зауытының аға инженері, инженер-конструкторы. 1976 жылдан — Қазақстан Компартиясы Алматы қаласы Әуезов аудандық комитеті партиялық-ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1977 жылдан — өнеркәсіп-көлік бөлімінің нұсқаушысы, 1978 жылдан — өнеркәсіп-көлік бөлімінің меңгерушісі. 1980 жылдан — Қазақстан Компартиясы ОК ауыл шаруашылығы машиналарын жасау бөлімінің нұсқаушысы. 1984 жылдың сәуір айынан — Қазақстан Компартиясы ОК хатшысының көмекшісі.1984 жылдың тамыз айынан — ҚазКСР Министрлер кеңесі төрағасының көмекшісі . 1985 жылдан — Қазақстан Компартиясы Алматы қаласы Фрунзе аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1988 жылдан — ҚазКСР Министрлер кеңесі төрағасының көмекшісі. 1989 жылдан — Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысының көмекшісі . 1990 жылдың мамыр айынан — ҚазКСР Президенті Кеңсесінің бастығы. 1990 жылдың желтоқсан айынан — ҚазКСР Президенті Аппаратының басшысы. 1991 жылдан — ҚР Президенті мен Министрлер кабинеті Аппаратының басшысы. 1994 жылдан — ҚР Президенті Аппаратының басшысы. 1995 жылдан — Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы және қосымша қызмет ретінде Швеция Корольдігі, Норвегия Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 1996 жылдан — ҚР Президентінің бірінші көмекшісі» 1998 жылдан — ҚР ҰҚК төрағасы.