ИНДУКТИВТІ КЕДЕРГІ

ИНДУКТИВТІ КЕДЕРГІ – 1) тізбектің индуктивті бөліктерінің (мысалы, катушканың) айнымалы токқа көрсететін қарсы әсерін сипаттайтын шама. Ом өлшемімен өрнектеледі. Синусоидалы ток үшін индуктивті кедергі (хL) ωL өрнегімен анықталады (мұндағы L – тізбектің индуктивтілігі, ω – токтың дөңгелектік жиілігі). Индуктивті кедергі кейде реактивті индуктивті кедергі деп те аталалы. 2) Аэродинамикадағы индуктивті кедергі – аэродинамикалық кедергінің құраушыларының бірі. Дененің қозғалысы кезінде оған ауа (газ) тарапынан әсер ететін толық аэродинамикалық күш.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *