ОРФОГРАФИЯЛЫҚ НОРМА

ОРФОГРАФИЯЛЫҚ НОРМА

Орфографиялық норма  (грек. orfhos — дұрыс, gropho — жазамын) – тілдегі сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы. Дұрыс жазу ережелерін емле деп те атайды. Тілде жазу үш принципке сүйенеді. 1. Морфологиялық принцип. Бұл принцип бойынша сөздер айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасы сақталып жазылады. 2. Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылады. 3. Фонетикалық принцип бойынша сөз дер дыбыстық заңдарға сүйеніп, айтылуы мен естілуі бойынша жазылады. Белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерінің жазылуы және тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы барысында профессор Р.Сыздықтың «Емле және тыныс белгілері» еңбегін және «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін» басшылыққа аламыз. Қандай да болмасын мәтінде жиі жіберілетін қателерді келесідей топтастыруға болады: қазақ тілінің орфографиялық ережелерін сақтамаудан туындаған қателер; стилистикалық қателер; қазақ тілінің заңдылықтарын сақтамай орыс тілінен сөзбе-сөз аудару арқылы жіберілген қателер. Мұндай қателер тіл мәдениетінің төменгі деңгейін көрсетеді. Әрбір адам сөздің дұрыс жазылуын білмей жатқан жағдайда орфографиялық сөздікке жүгінеді. Бұл — әрбір халыққа тән сөздік. Орфографиялық сөздікте қазақтың әдеби нормасына сай сөздері, яғни жаңа және көне сөздердің, бірге және бөлек жазылатын сөздердің дұрыс жазылуы көрсетіледі.

          Орфографиялық сөздік. – Алматы, 2

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *