ИНВАРИАНТ

ИНВАРИАНТ (латынша «инварианс – өзгермейтін») – санақ жүйесінің белгілі бір түрлендірілуі кезінде нысанның өзгермеушілік қасиетін сипаттайтын сан немесе функция.

ИНВАРИАНТТЫЛЫҚ – кейбір физикалық шарттарға тәуелсіздік, өзгермеушілік. Инварианттылық көбінесе кез келген шамалардың кейбір түрлендірулерге қатысты өзгермеушілігінің математикалық өрнегі. Мысалы, егер біреуі екіншісіне салыстырмалы түрде белгілі бір бұрышқа бұрылған екі координаттар жүйесінде қарастырылса, онда мұндағы қозғалыс жылдамдығының проекциясы әртүрлі болады, сондықтан кинетикалық энергиясы бірдей болады, яғни санақ жүйесінің кеңістігінде кинетикалық энергия бұрылысқа қатысты инвариантты болады. Лоренц түрлендірулеріне (релятивті инварианттылық) қатысты инварианттылық маңызды жағдай болып табылады. Жалпы, салыстырмалық теориясында (тартылыс теориясында) координаттардың кез келген түрлендірулеріне қатысты шамалар қарастырылады. Калибрлеу түрлендірулеріне қатысты инварианттылықтың маңызы зор, бұл физикалық теорияларда кең таралған, ол іргелі өзараәсерлесулердің бірлігін орнатуға мүмкіндік берді. Инварианттылық сақталу заңдарымен тығыз байланысты (Нетер теоремасы).

Инварианттылық – физикалық жағдайлар өзгерген кезде физикалық шамалардың өзгермеушілігі болып табылады.

Изотоптық инварианттылық – изотоптық мультиплетке енетін бөлшектердің күшті өзараәсерлесуінің осы бөлшектердің электр зарядына тәуелсіздігі.

Калибрлеуіш инварианттылық – қозғалыстардың кванттық-механикалық теңдеулерінің калибрлеуіштік түрлендіруге қатысты инварианттылығы.

Масштабтық инварианттылық – бір мезгілде бүкіл ара қашықтықтардың және уақыт аралықтарының немесе импульстер мен энергиялардың бірдей санға өзгеруі кезінде кез келген физикалық құбылыстарды сипаттайтын теңдеулердің өзгермеушілігі.

Релятивтік инварианттылық – Лоренцтің түрлендірілуіне қатысты табиғат заңдарын өрнектейтін теңдеулердің инварианттылығы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *