ИМПУЛЬСТІК МОДУЛЯЦИЯ

ИМПУЛЬСТІК МОДУЛЯЦИЯ (латынша «модулатио – өлшемдік, бірқалып- ты») – модуляцияланатын сигнал импульстер тізбегі болатын тербелістердің модуляциясы. Импульстік модуляция нәтижесінде модуляцияланатын тербе- лістердің қысқа мерзімді толқындар тізбегі (цугтер) пайда болады. Осы тізбектің сипаттамалары жіберілу реті, ұзақтығы және жеке жіберілімнің пішіні, т.б. қасиеттерімен анықталады. Импульстік модуляция, мысалы, нысанға дейінгі қашықтық нысан тарататын тербелістердің импульстік жіберілімдерінің ны- санға қайтып келу немесе нысан шағылдырған тербелістер импульстерінің келу уақыты бойынша анықталатын радиолокацияда, оптикалық локацияда, гид- ролокацияда, ионсфераны зондтау кезінде қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *