ИМПУЛЬС (латынша – соққы, түрткі) – 1) материяның барлық түрлерінің қозғалыстарының ортақ өлшеуіші – қозғалыс мөлшері; физикалық жүйелердің өзараәсерлесуі кезінде олардың механикалық импульстерінің өзгерістері бойынша анықталады; 2) қысқа мерзімді сигнал.
Алып импульс – ұзақтығы 100 нс (наносекунд – 10-9 секунд) және қуаты 1011 – 1012 Вт болатын жарық импульсі. Қатты денелі лазерлер шығарады (таратады).
Жарық импульсі – оптикалық сәуле шығару көздерінің қысқа мерзімді (0,01 сек) жарық шығаруы. Жарық импульсінің спектрлік құрамы жарық көзінің түріне (газдағы импульстік электр разряды, жарқыл, т.б.) сәйкес ажыратылады. Жарық импульсі жыл-
Тыныш тұрған шар массасы бірдей қозға- дам өтетін үрдістерді (шапшаң фото лыстағы шармен соқтығысады. Қозғалыстағы және кино түсірулерде, қарапайым шар соқтығысқанға дейін (А) белгілі бір им-
пульске (оның массасының жылдамдыққа бөлшектердің ізін суретке түсіруде, т.б.) көбейтіндісіне тең) ие болған. Соқтығысқан зерттеу үшін қолданылады. кезде (Б) ол осы импульсті тыныш тұрған
Күш импульсі – күштің орташа
шарға береді, алғашында қозғалыста болған, тынышталған (В) шар қозғала бастайды. мәнінің оның әсер ету уақытына көбейтін- Осы өзараәсерлесу кезінде импульс сақталады, дісіне тең болатын күш әсерінің соқтығысқаннан кейін екінші шар біріншісінің импульсіне тең импульс алады. өлшеуіші.
Механикалық импульс – материя-
ның барлық түрлерінің қозғалысының өлшеуіші; материалдық нүкте үшін осы нүктенің массасының (m) оның жылдамдығының (v) көбейтіндісіне тең және жылдамдық векторымен (υ) бағыттас шама: р = m · υ. Импульсті қозғалыс мөлшері деп те атайды. Бөлшектің қозғалыс жылдамдығы жоғары болғанда, оның
массасының жылдамдыққа тәуелділігі ескеріледі: m = mо/ඥെͳݒଶȀܿଶ, мұндағы mо – бөлшектің тыныштық күйдегі массасы (тыныштық масса), с – жарықтың вакуумдегі
жылдамдығы. Бұл жағдайда еркін бөлшектің импульсы: р=m·υ=mо·υ/ඥെͳݒଶȀܿଶ, ал бөлшектердің импульсі оның толық энергиясымен (ࣟ2 = р2·с2+m2о·с4) байланысқан. Тыныштық массасы нөлге тең бөлшектер (фотон, нейтрино) үшін р=ࣟ/с. Мұндай бөлшектер әр уақытта жарық жылдамдығымен (с) қозғалады. Материяның барлық формаларының, мысалы, электрмагниттік өріс пен гравитациялық өрістің де импульсі болады.
Соққы импульсі – соқтығысатын денелердің соққысы кезінде олардың әрқайсысына әсер ететін күш импульсі.
Толқындық импульс – кеңістікте бір реттік ұйытқу немесе периодты ұйыт- қулар топтамасы түрінде таралушы ұйытқулар. Толқындық импульс – кеңістікте не белгілі бір ортада таралатын ұйтқу. Мұндай импульске дыбыс импульсі (мы- салы, қару атылған кездегі), сондай-ақ электрмагниттік ұйтқу, т.б. жатады.
Электрлік импульс – электр кернеуінің немесе ток күшінің секірісті түрде немесе бірқатар тербелістер түрінде, бірінен соң бірі келетін қысқа мерзімді өзгерістер.
Электрмагниттік импульс – материяның барлық түрлерінің қозғалысының импульсі; орта аумағындағы (көлеміндегі) өріс энергиясының осы ортадағы жарық жылдамдығының қатынасына тең электрмагниттік өріс импульсі.
Фотон импульсі – материяның барлық түрлерінің қозғалыс импульсі; фотон энергиясының жарықтың вакумдағы жылдамдығына қатынасына тең.