ИЗОЭНТАЛЬПИЯЛЫҚ ҮРДІС (ПРОЦЕСС) (грекше «изос – тең, бірдей» + «енталпо – қыздырамын») – физикалық жүйенің энтальпиясы өзгермей сақтала- тын үрдісі. Газ ағыны мен қоршаған дененің (құбырлардың, қабырғаларының, т.б.) арасындағы жылу алмасу болмайтын кездегі газдың кеуекті қалқа арқылы ағуы изоэнтальпиялық үрдістің классикалық мысалы болады.