ИЗОТРОПИЯ

ИЗОТРОПИЯ, изотроптылық (грекше «изос – бірдей» + грек. «тропос – бұрылыс, бағыт) – ортаның физикалық қасиеттерінің барлық бағытта бірдей болуы. Газ, сұйық және аморфты күйдегі қатты денелердің барлық физикалық қасиеттері изотропты болып саналады. Кристалдардың физикалық көптеген қасиеттері анизотропты болып келеді. Дегенмен кристалдың симметриясы жоғары болған сайын, оның изотроптылық қасиеті басым болады. Мысалы, симметрисы жоғары кристалдардың (алмас, германий, ас тұзы) серпімділік, беріктілік, электроптикалық қасиеттері анизотропты, ал жарықтың сыну коэффициенті, электрөткізгіштік, жылулық ұлғаю коэффициенті тәрізді қасиеттері изотропты болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *