ИЗОТОПТЫҚ ЭФФЕКТ

ИЗОТОПТЫҚ ЭФФЕКТ – асқынөткізгіш металдың кризистік температурасының (Тк) оның изотоптық құрамына тәуелділігі; заттардың орташа атомдық массасы (М) азайған кезде Тк температурасы артады. Бірқатар металдар үшін Тк· М1/2 = const қатынасы орындалады.

Изотоптық эффект алғаш рет 1950 жылы байқалған; Сынаптың 198Нg изотопы үшін Тк = 4,156 К, ал орташа атомдық массасы 200,6 болатын табиғи таза сынаптың изотоптық құрамында Тк = 4,177 К. Зерттеулер бір мезгілде Тк температурасымен бірге кризистік магниттік өріс Нкө-нің де өзгеретінін айғақтаған (Т→0 К ұмтылған кезде), бірақ та Нкөк қатынасы берілген асқынөткізгіштік металл изотопы үшін тұрақты болып қалады. Изотоптық эффект асқынөткізгіштің торларын құрайтын бөлшектердің массаларымен байланыстылығын және электрондардың фонондармен (торлардың тербелістерімен) өзараәсерлесуіне байланысты болатынының дәлелі болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *