
ЗОДИАКТІК ЖАРЫҚ – аспан сферасының үлкен дөңгелегінің (эклиптика- ның) бойында, яғни зодиак аймағында созылып жататын әрі жұлдыздық аспан- нан, батыста ымырт түскеннен кейін іле-шала немесе шығыста таң сәріде көрі- нетін әлсіз жарық. Бұл жарық Күнді айнала қозғалып жүрген шаң-тозаң бөлшектерінің күн сәулесін шашыратуынан пайда болады. Зодиактік жарықтың түрі көкжиекке кеңейіп барып тірелетін конус тәрізді. Орта ендіктерде зодиак жарығының конусы қыркүйек – қараша айларында таң сәріде, ал қаңтар – наурыз айларында ымырт түсісімен айқын көрінеді.